Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері жарты центнер марихуана тәркіленген істі сотқа жолдады

СҚО полицейлері жарты центнер марихуана тәркіленген істі сотқа жолдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО полицейлері өткен жылы есірткінің ең ірі партияларының бірін тәркілеу бойынша материалдарды сотқа жіберді.

Тамыз айының басында Астана – Петропавл республикалық автожолында өңір полицейлері Гретта есімді қызметтік-іздестіру итінің көмегімен Volkswagen Passat автокөлігінің жүксалғышында үш полимерлі қапқа салынған 49,37 келі марихуананы анықтады. Бұл аса ірі мөлшерге жатады. Өткізу мақсатымен есірткінің заңсыз айналымымен жұмыс істеді деген күдікпен көліктің жолаушысы – Ақмола облысының “нашақор” санаты бойынша есепте тұрған бұрын сотталған 49 жастағы тұрғыны ұсталды.

Ол полицейлерді жарты центнер марихуананы жеке мақсатта пайдалану үшін тасымалдағанына сендіруге тырысты. Қазіргі уақытта осы факті бойынша тергеу аяқталды, материалдар ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа жіберілді.

– Баптың санкциясымен 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген. 2022 жылы облыста барлығы 241 есірткі құқық бұзушылығы анықталды. Оның ішінде 17-сі – есірткіні аса ірі мөлшерде сақтау фактісі және 90-ы – өткізу фактісі. Заңсыз айналымнан 423 келі түрлі есірткі заттары, оның ішінде 3,5 келі синтетикалық есірткі тәркілендін, – дейді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Иван Терзиди.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру