Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көкшетау тұрғынынан ақша бопсалаған күдікті анықталды

Көкшетау тұрғынынан ақша бопсалаған күдікті анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

25 қаңтарда ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бұрын полицияның көзіне бірнеше рет түскен және облыс орталығындағы криминогендік жағдайға ықпал еткен Көкшетау тұрғынының заңсыз әрекеттерінің жолын кесті.

Жедел уәкілдердің мәлімдеуінше, 28 жастағы ақмолалық жеке жақтырмауынан қала тұрғынынан 50 мың теңге көлемінде ақша бопсалаған, бұл ретте ол физикалық күш қолданып, жәбір көрсетемін деп қорқытқан. Қажетті жедел-іздестіру және арнайы іс-шаралар өткізілгеннен кейін, арнайы бөлімшелерді тарта отырып, ҰҚҚКБ қызметкерлері фигурантты ақшалай қаражатты алған кезде қолға түсірді.

Аталған дерекке қатысты полицейлер ҚР ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігі (Бопсалау) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Тергеу кезеңінде күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру