Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында криминалистер аудан бөлімшелерінде сабақ өткізді

Жетісу облысының криминалистері аудан бөлімшелерінде сабақ өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Практикалық сабақтар Көксу, Кербұлақ, Сарқан, Ақсу және Панфилов аудандарының полиция қызметкерлерімен ұйымдастырылып, өткізілді.

–  Қылмыстарды ашу мен тергеуде криминалистің оқиға болған жерді тексерудегі сапалы жұмысы маңызды. Қылмыстардың іздерін толық және жан-жақты анықтау, оны тіркеу – тексеру ісіне оң нәтиже береді. Қылмыстарды ашу мен тергеуде криминалистің оқиға орнында бірыңғайланған чемоданмен жұмыс істеу әрекеттері, одорологияны қолдану, ДНҚ және биологиялық объектілерді есепке алу, криминалдық есепке қою кезінде саусақтардың таңбасын алу әдістемесі сабақ барысында айқын көрсетілді. Сонымен қатар адамның биологиялық іздерін, кедір-бұдыр беттерден қолдың жасырын іздерін анықтауға, трасологиялық көлемді іздерді алуға арналған арнайы құралдарды қолдану көрсетілді, – деп атап өтті облыс ПД ЖКБ бастығының орынбасары Жақсылық Көрпебаев.

Мұндай іс-шараларды өткізудің мақсаты – оқиға орындарын тексерудің сапасы мен деңгейін арттыру, криминалистикалық қызметтің жас мамандарына және басқа қызметкерлеріне де практикалық және әдістемелік көмек көрсету.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру