Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-дағы екі ауыл дүкенінен лицензиясы жоқ 143 литр алкоголь тәркіленді

СҚО-дағы екі ауыл дүкенінен лицензиясы жоқ 143 литр алкоголь тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мамлют ауданындағы ауылдардың біріндегі дүкенде сыра, арақ-шарапты лицензиясыз сатып келген. Бұл фактілерді полиция қызметкерлері 25-26 қаңтарда анықтады. Заңсыз айналымнан 143 литр алкоголь тәркіленді. Кәсіпкерлерге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 463-бабы (Тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды)жүзеге асыру) бойынша материал жиналды.

– Құрамында спирт бар өнімдердің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл-қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі жұмыстың бір бөлігі, олардың көпшілігі мас күйде жасалады. Бұл – негізінен тұрмыста жасалатын қылмыстар, бұзақылық фактілері, дене жарақатын келтіру. Осы бағытта жүйелі түрде жүргізіліп жатқан іс-шаралардың нәтижесінде өткен жылы отбасылық жандалдардың санын азайтуға ықпал етті: мұндай 115 факті тіркелді, ал 2021 жылы 144 дерек тіркелген, – дейді аудандық ПБ бастығы Петр Климов.

Облыста өткен жылы барлығы 9600 литр заңсыз алкоголь тәркіленіп алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру