Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астаналық азамат ХҚКО-ның бірінен телефон ұрлады

Астаналық азамат ХҚКО-ның бірінен телефон ұрлады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыарқа ауданының полиция басқармасына 59 жастағы ер адам хабарласып, күндізгі уақытта Халыққа қызмет көрсету орталығының ғимаратында болған кезде белгісіз біреу оның телефонын ұрлап кеткені туралы айтқан. Қызметті алу үшін кезекте тұрған ер азамат киім ілгішті байқағаны анықталды. Ол күртешесін ілгішке іліп жатқанында, басқа ілулі күртешелердің қалтасын ақтарған. Қалтадан IРhone12 телефонын аңғарған.

Адамдардың байқамай тұрғанын пайдаланып, көзі түскен затты алып, ғимараттан кетуге асыққан. Полицейлер бейнебақылау камералары арқылы жүру жолдарын зерттеп, бұрын сотталған 39 жастағы ер адамды анықтап, Астана қаласы ПД УҰИ қамауға алды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Күдіктінің осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру