Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада жолдың ортасында ұйықтап қалған мас жүргізуші жазаланды

Елордада жолдың ортасында ұйықтап қалған мас жүргізуші жазаланды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

Патрульдік полиция полкінің қызметкерлерімен “Мас жүргізуші – қылмыскер!” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жүргізілген рейд барысында түнгі уақытта Айтматов көшесінің бойында тура жолда тұрған KIA CARENS автокөлігі байқалды. Аталған көлік полицейлердің күдігін туғызған.

Медициналық  тексерудің қорытындысы бойынша ер адамның орта дәрежедегі масаң күйде болғаны анықталды.

Жүргізушіге көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабына (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) сәйкес әкімшілік іс қозғалды.

Сонымен қатар құқық бұзушы әкімшілік соттың шешімімен 20 тәулікке қамаққа алынып, 7 жылға көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды.

Еске сала кетсек, жүргізушілердің көлікті жүргізу тәртібін жақсарту, жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ, жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын-алу мақсатында елордада полиция қызметкерлері апта сайын “Мас жүргізуші – қылмыскер!” атты жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіп жатыр.

Астана қаласы ПД бастығының бірінші орынбасары Дәурен Қазбековтың айтуынша, полицейлер жыл басынан бері 139 мас жүргізушіні анықтаған, оның ішінде 9 жүргізушінің бұрын көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру