Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда түнгі уақытта көшеде жүрген 45 жасөспірім анықталды

Павлодарда түнгі уақытта көшеде жүрген 45 жасөспірім анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өңірде кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында ювеналдық полиция қызметкерлері рейдтік іс-шаралар жүргізеді.

– 28 қаңтарда сағат 23.10-да Павлодар қаласы ПБ Солтүстік полиция бөлімінің полиция қызметкерлері Қайырбаев көшесіндегі компьютерлік клубта кәмелетке толмағанның ойын-сауық мекемесінде заңды өкілдерінсіз жүрген жасөспірімдер фактісін анықтады. Кейінірек полицияға ата-аналары шақырылып, олардың қатысуымен кәмелетке толмаған баламен және оның ата-анасымен профилактикалық әңгіме жүргізілді, – деді Павлодар қаласы ПБ Солтүстік полиция бөлімінің бастығы Бекзада Бөлежанов.

Тәртіп сақшысы компьютерлік клуб әкімшісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабының 1-бөлімі (Кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол беру) бойынша әкімшілік материал толтырылғанын атап өтті.

Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болуына жол бергені үшін компьютерлік клуб әкімшілігіне 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Сондай-ақ, кәмелетке толмағанның заңды өкіліне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 1- бөлімі (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 3 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Айта кету керек, ағымдағы жылдың басынан бастап облыс бойынша ювеналдық полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болуына жол берудің 2 фактісін және кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғын үйден тыс жерде болуының 43 фактісінің жолын кесті.

Мұндай рейдтік іс-шараларды кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлар тұрақты негізде жүргізеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру