Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да ЖҚЕ бұзған 948 жаяу жүргінші жазаланды

ШҚО-да ЖҚЕ бұзған 948 жаяу жүргінші жазаланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол жарақатының алдын алу және жол қозғалысын қадағалау тиімділігін күшейту мақсатында Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті 20-24 ақпан аралығында “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді.

Бес күн ішінде тәртіп сақшылары көлік құралдарын масаң күйде басқарған 38 жүргізушіні анықтады. 100 жүргізуші жаяу жүргіншілерге жол бермеген, 27-сі қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен.

Жедел профилактикалық іс-шараның қорытындысы бойынша 100-ден астам көлік құралын пайдалануға тыйым салынды, оның 44-ін полицейлер мамандандырылған тұраққа қойды, 70-тен астамынан мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері тәркіленіп алынды.

Сонымен қатар полиция 948 жаяу жүргіншіні әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Жалпы, “Қауіпсіз жол” ЖПІШ кезеңінде Шығыс Қазақстан облысының аумағында 3850-ден астам жол жүрісі қағидаларын бұзу анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру