Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлік полицейлері 7,6 мыңнан астам заңсыз алкоголь мен 4119 қорап заңсыз темекі тәркіледі

Полиция қызметкерлері Алматы қаласы мен Алматы облысында 7,6 мыңнан астам заңсыз алкоголь мен 4119 қорап заңсыз темекі өнімін тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

18 ақпанда көліктегі полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Алматы қаласы ПД ҰҚҚКБ және Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті қызметкерлерімен бірлесе жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде Алматы қаласы, Алмалы ауданында орналасқан үш қоймадан 7668 заңсыз алкогольдік тауар тәркіледі.

19 ақпанда көліктегі ПД ҰҚҚКБ және Алматы облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті қызметкерлері Алматы облысының Көксай ауылында орналасқан қоймадан 4119 қорап темекі тауарын анықтап, тәркіледі.

Қазіргі уақытта жоғарыда аталған фактілерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 233-бабының 1-бөлігі кцизделетiн тауарларды сәйкестендіру құралдарымен және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалаудың тәртiбi мен қағидаларын бұзу, сәйкестендіру құралдарын және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларын қолдан жасау және пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексiнің 201-бабының талаптарына сәйкес, өзге мәліметтер тергеу мүддесінде орай жария етуге жатпайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру