Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астана полицейлері көліктен ұрлық жасаған СҚО тұрғынын ұстады

Сарыарқа ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен Солтүстік Қазақстан облысының 37 жастағы тұрғынын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ер адам Астана қаласының ПД уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. Тергеу барысында қаскүнем күндізгі уақытта Бөгенбай батыр даңғылындағы дүкеннің жанынан өтіп бара жатқаны анықталды. Тұрақта тұрған азық-түлік тауарларын жеткізетін ГАЗель көлігін байқап, ер адамға бөтеннің мүлкін ұрлау туралы қылмыстық ой келеді. Жүргізуші мен сату бойынша өкілдің кетіп қалған сәтін күтіп, ол көліктің жүк салатын бөлігінен екі қорап ірімшікті ұрлап әкеткен.

Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ полиция ер адамның тағы екі осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар екенін анықтады. Қазіргі уақытта аталған тұлғаның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Астана қаласының полиция департаменті қырағы болуға, бағалы заттарды қараусыз қалдырмауға кеңес береді.

– Көлік құралын күзет дабылы жүйесімен жабдықтаңыз, кетер алдында, тіпті аз уақытқа шықсаңыз да, көліктің құлыпталғанына көз жеткізіңіз. Сондай-ақ сізге қатысты құқыққа қайшы әрекеттер жасалса “102” арнасына хабарлаңыз, – деді Астана қаласы бойынша ПД.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру