Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысының тұрғыны тергеу изоляторына тыйым салынған затты өткізбек болған

Ақтөбеде тергеу изоляторының қызметкерлері мекемеге келген сәлемдемеден өсімдік тектес зат тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №70 тергеу изоляторының режим және күзет бөлімінің қызметкерлері мекемеге келген азаматтың сәлемдемесін тексеру барысында қара-сары түсті жуунуға арналған заттың ішінен шүберекке мұқият жасырылған қою жасыл түсті ерекше иісі бар өсімдік тектес затты тәркіледі.

Тыйым салынған заттарды 31 жастағы Т. есімді Ақтөбе облысының тұрғыны абақтыда есірткі қылмысы бойынша сотталған інісіне жеткізбек болған.

– Орын алған факті бойынша оқиға орнына жедел тергеу тобы шақыртылып, материал мекеменің арнайы есепке алу кітабына тіркелді. Сонымен қатар процессуалдық шешім қабылдау үшін Ақтөбе қаласының ІІБ Астана ауданы бойынша №2 қалалық полиция бөлімінің жедел тергеу тобына жөнелтілді, – дейді Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Руслан Уразбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру