Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында қатаң режимдегі колонияның жеке құрамы ҚАЖД зейнеткерін мерекемен құттықтады

Абай облысында қатаң режимдегі колонияның жеке құрамы ҚАЖД зейнеткерін мерекемен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Халықаралық әйелдер күні әлемнің көптеген елдерінде атап өтіледі. Бұл ұлттық, этникалық, тілдік, мәдени, экономикалық немесе саяси айырмашылықтарға қарамастан, әйелдер өздерінің жетістіктері үшін танылатын күн.

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында Абай облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі №19 мекемесінің қызметкерлері Данита Ивановнаны келе жатқан мерекемен құттықтап, еңбек ардагеріне №19 мекемедегі, сол кездегі УЛ-154/11  көп жылғы қажырлы еңбегі үшін алғыс айтты.

Данита Ивановна 1936 жылы Украинаның Харьков қаласында дүниеге келген. Соғыс басталған кезде оны ата-анасымен бірге Нижний Тагил қаласына эвакуациялаған. Сол кезде Данита Ивановна 17 жастағы колониядағы жас маман – есепші, ал  оның жұбайы әскери борышын өтеуші сарбаз болған. Жолдасы Семей облысының Знаменка ауылының тумасы болғандықтан, ол әскери қызметін аяқтаған жұбайының соңынан Қазақстанға кеткен. Бухгалтерлердің қысқа мерзімді курстарын аяқтағаннан кейін, колониядағы қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің қызметкері бола тұра Данита Ивановна сырттай техникумды оқыған. Колонияда ол 40 жылға жуық жұмыс істеген. Ол 1956 жылы еңбек жолын қарапайым есепшіден бастап, бас есепші лауазымынан еңбек демалысына кетті.

Данита Ивановна айтқандай “Ұрының ұлы ұры, ал прокурордікі прокуроры болады”, оның балалары да осы жүйеде көптеген жылдар бойы қызмет етіп, қазір зейнетке шықты. Оның екі баласы және екі немересі және бес шөбересі бар.

– Біздің жүйеде жұмыс істейтін әйелдер аз емес. Бұл негізінен кадрлар, арнайы есеп, қаржылық қамтамасыз ету, медициналық қамтамасыз ету бөлімдерінің қызметкерлері. Түзету колониялары сияқты жабық мекемелерде әйелдер күрделі контингентпен жұмыс істеу керек. Бірақ олар бар ауыртпашылыққа төттеп бере алады, өйткені олардың әрқайсысы өз ісінің майталманы. Олардың әрқайсысының тәжірибесі мол. Олар және олардың атқарған еңбектері де ұмыт қалмауы тиіс. Біздің бүгінгі келуіміз Данита Ивановнаға мерекелік көңіл-күй сыйлайды деп үміттенеміз, – дейді кадр саясаты бөлімінің бастығы Дидар Жұмаханова

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру