Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте баудағы ағаш түбіне көмілген граната табылды

Шымкентте баудағы ағаш түбіне көмілген граната табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің жедел бөлімшесі, Шымкент қаласының полиция департаменті және 69 мекемесінің жедел бөлімі бірлескен жедел іс-шараларды ұйымдастырды. Нәтижесінде 7 наурызда Шымкент қаласының Қазығұрт мөлтек ауданындағы баудағы ағаш түбіне көмілген 2 Ф-1 қол гранатасы және 3 дана тартпасы табылып, тәркіленіп алынған.

Әрі қарай жедел іс-шараларды жалғастыру барысында Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданындағы қоқыс арасына жасырылған 1 “ОСА ПД-4” травматикалық тапаншасы (тергеудегі Н.С-тің өз айыбын мойындау жауап хатына сәйкес) және Шымкент қаласының Тұран мөлтек ауданындағы шалғайда орналасқан су жүйесіне арналған бетон астына жасырылған Калашников қаруына ұқсас бір автомат, 1 бір ұңғылы мылтық және 15 дана әр-түрлі қарудың оқ дәрілері табылып құжатталд.

Орын алған оқиғалар бойынша (әрбір дерек) ҚР ҚК-нің 287-бабына сәйкес қылмыстық іс-қозғалған. Жедел іс-шараға белсенді қатысқан ҚАЖ жедел уәкілдері марапаттауға ұсынылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру