Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Семейдегі ҚАЖД қызметкерлері “Аналар үйіне” көшпелі сән салонын ұйымдастырды

Семейдегі ҚАЖД қызметкерлері “Аналар үйіне” көшпелі сән салонын ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Семейдегі №21 түзету мекемесінің қызметкерлері еріктілермен бірге “Аналар үйіне” барып, көшпелі сән салонын ұйымдастырды. Тағдырдың тәлкегімен мейірім мекеніне тап болған жандарға мерекелік көңіл-күй сыйлап, шаш үлгісін жасап берді. 2015 жылдан бері қоғамдық негізде жұмыс істейтін “Аналар үйінде” бүгінде 8 ана баласымен бірге тұрып жатыр. Бұған дейін бұл жерді 265 нәзік жанды паналап, өмірден өз орнын тапқан.

– Бізге 8 наурыз мерекесі қарсаңында арнайы келіп, шаш үлгісін жасап, көңіл-күйімізді көтерді. Мейраммен құттықтап, сыйлық табыстарды, деп бөлісті “Аналар үйінің” тұрғыны Дария Назарова.

– Біз “Аналар үйіндегі” қыздарға ерекше көңіл-күй, сұлулық сыйлауға келдік. Мақсатымыз олардың өздеріне деген сенімділіктерін арттыру. Себебі барлық қыздар қандай жағдайда болмасын ханшайым болуға лайықты. Аруларымызды қуанту үшін кішігірім сыйлық та алып келдік, – деп түсіндірді №21 түзету мекемесі кадр саясаты бөлімінің басшысы Гүлнәр Исмаилова

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру