Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік тұрғын дүкеннен шұжық пен тіс пастаcын ұрлап кеткен

Шымкенттік тұрғын дүкеннен шұжық пен тіс пастаcын ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Еңбекші ауданы полиция басқармасына жергілікті тұрғын жүгінген. Ол арызында, өзінің меншігіндегі ірі сауда орталығына белгісіз тұлға ұрлыққа түскенін жазған. Сауда сөрелеріндегі Nivea Men ерлерге арналған бальзамын, Porodontax тіс пастаcын, сондай-ақ 2 дана Краковская шұжығын жасырын түрде байқатпай ұрлап кеткендігін көрсеткен. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі 10 мың теңгеге жуық.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 187-бабы 1-бөлігімен (Ұсақ-түйек жымқыру) сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Жергілікті полиция қызметі бөлімінің №39 учаскелік полиция пунктінің инспекторлары мен патрульдік полиция полкінің №799 экипаж қызметкерлері қылмысты ашу мақсатында оқиға орнына жедел жетіп, қажетті іс-шараларды жүзеге асырды. Күдікті азаматтың тұрғылықты мекенжайын анықтап, тәулік ішінде қолға түсірді. Ол Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты, жасы – 49-да. Білімі орта, уақытша жұмыссыз. Бұрын соңды істі болмаған. Бұған дейін автотұрақта күзетші болып жұмыс жасаған.

Тергеу барысында белгілі болғандай, ұсталған азамат ұрланған заттарды жеке бас пайдасына қолданып тастаған.

Қазіргі кезде жәбірленушіге келтірілген материалдық шығын толығымен өндірілді. Тергеп-тексеру әрекеттері жалғасып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру