Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада автокөлік жуу орнында қызметкер әкімшісінің телефонын ұрлап кеткен

Астанада автокөлік жуу орнында қызметкер әкімшісінің телефонын ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға Samsung телефонын ұрлау фактісі бойынша қала тұрғыны арызбен жүгінді. Жәбірленушінің айтуынша, ол Республика даңғылындағы көлік жуу орталығында жұмыс орнында болған кезде гаджетінің жоғалғанын байқаған.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері 18 жастағы жас жігітті анықтады. Автокөлікті жуу кезінде тағылымдамадан өтіп жүрген жігіт қызметкерлерге арналған бөлмеден телефонды көріп, оны алып кетуге шешім қабылдағаны анықталды. Ұрланған телефонға күдікті өзінің SIM картасын салып, оны пайдаланған, бұл жедел қызметкерлердің оның ізіне түсуге септігін тигізген.

Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы негізінде тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру