Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Таразда құрылыс дүкенінен түс қағаз ұрлаған күдіктілер ұсталды

Таразда құрылыс дүкенінен түс қағаз ұрлаған күдіктілер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тараз қаласы полиция басқармасының жедел басқару орталығына қала тұрғынынан мөлтек аудандардың бірінде орналасқан құрылыс дүкенінен белгісіз тұлғалардың түнгі мезгілде кілт арқылы ашып кіріп, түс қағаздарды ұрлап кеткендігі жайлы хабарлаған.

Жеке кәсіпкерге келтірілген жалпы шығын көлемі 5 млн-ға жуық теңгені құрайды.

Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 28 және 40 жастағы облыс орталығының тұрғындары және сыбайлас болған 29 жастағы Астана қаласының тұрғыны анықталып, ұсталды.

Күдікті тұлғалардың бірі дүкеннің бұрынғы қызметкері екені, және ол жұмыс істеп жүрген кезінде дүкен кілтінің көшірмесін жасатып, алдын ала жоспарлаумен аталған қылмысқа өз таныстарымен бірлесіп барғаны анықталды. Олардың айтуынша түс қағаздарды төмен бағада сатып, қаражатты өз пайдаларына жұмсаған.

Күдіктілер өз кінәсін толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру