Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полицейлері ірі көлемде есірткі сатқан күдіктіні ұстады

Алматы полицейлері ірі көлемде есірткі сатқан күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Есірткі, психотроптық заттарды заңсыз сатқан деген күдікке Ж.есімді азаматша ілікті. Ол Сайран ықшамауданындағы үйлердің бірінің маңында жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұсталды.

– Жеке тінту кезінде одан ерекше иісі бар зат табылды және тәркіленді. Сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген зат – психотроптық есірткі. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, – деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

Қылмыстық істің басқа да мән-жайы ҚР ҚПК-нің 201-бабы және ҚР Конституциясының нормаларына сәйкес жария етуге жатпайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру