Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының тұрғынынан заңсыз ауланған 70 келі балық тәркіленді

Түркістан облысының тұрғынынан заңсыз ауланған 70 келі балық тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы ПД жергілікті полиция қызметі табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері “Браконьер” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіп, 120-дан астам әкімшілік құқық бұзушылық пен бір экологиялық қылмысты анықтады. Браконьерлерден 11 тіркелмеген аңшы мылтығы, сегіз балық аулауға арналған шанышқы, үш ау-тор, қайық және 90 келіден астам заңсыз ауланған балық тәркіленді.

Мәселен, Келес ауданының полицейлері Сырдария өзенінде заңсыз балық аулаумен айналысқан браконьерді ұстады. Ер адамнан балық аулау торлары мен 70 келі балық тәркіленді. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 335-бабы (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу) бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бұдан бөлек жануарлар дүниесін пайдалану талаптары мен аң аулау ережелерін бұзғаны үшін 60 тұрғын, ал балық шаруашылығы саласында 50 тұрғын құқық бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ 10 бұзушыға ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Бір тұрғын ағаштарды заңсыз кескені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 381-бабы бойынша жауапқа тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру