Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолалық полицейлер кәсіпорын аумағынан бидай орағыш машинаны ұрлаған азаматты анықтады

Ақмолалық полицейлер кәсіпорын аумағынан бидай орағыш машинаны ұрлаған азаматты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

11 наурыз күні Зеренді ауданының полиция бөліміне Көкшетау қаласының тұрғыны өтініш білдіріп, ЖШС-ның бетон қоршауымен қоршалған қойма аумағынан белгісіз жағдайларда ауыл шаруашылығы техникасы – Mitsubishi Canter бидай орағышы жоғалып кеткенін хабарлады. Залал сомасы 6 млн теңгені құрады.

Полиция бөлімі заңсыз кіріп ұрлық жасау фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Полиция қызметкерлері бір тәуліктен аз уақытта күдіктіні анықтап, ұстады. Күдікті бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған, жақын маңдағы ауылдардың бірінің 44 жастағы тұрғыны болып шықты. Заттай дәлел, жабдық тәркіленді.

Тергеу барысында Зеренді ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері куәгерлер базасын жинап, бұрын күдікті астық қалдықтарын сатып алу сылтауымен кәсіпорынның аумағына барып, сатып алу сылтауымен затты тексеру барысында кіреберіс қақпаның құлпын бүлдіргенін анықтады.

Сол түні күдікті эвакуатордың көмегімен ұрлық жасаған. Ер адам ұрланған техниканы сатып жіберген.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру