Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда 7 жыл бұрын жоғалған мылтық Ақмола облысынан табылды

Павлодарда 7 жыл бұрын жоғалған мылтық Ақмола облысынан табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

14 наурыз күні Степногорск қаласының полиция басқармасына жедел қызметкерлерден 46 жастағы жергілікті тұрғынның 7,62 мм калибрлі Вепр-308 Супер тіркелмеген мылтықты сақтайтыны туралы ақпарат келіп түсті.

Аталған фактіні полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркеді.

Іс жүргізу барысында ер адамның мал жаюмен айналысатыны анықталды, ал оның сөздері бойынша қару-жарақты даладан тауып алған. Ол олжаны полицияға өз еркімен тапсыруды жоспарлаған, алайда бос уақытын таппаған.

Ведомстволық деректер базасы бойынша тексеру кезінде аңшылық карабинінің 2016 жылдан бастап Павлодар қаласында жоғалған тізімде тұрғаны белгілі болды. Полицейлер оның заңды иесінің жеке басын анықтауда. Қару сараптамаға жіберілді.

Ақмола полицейлері азаматтарға тіркелмеген қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтау, өткізу және тасымалдау үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Егер сізде атыс қаруының заңсыз айналымына байланысты қандай да бір ақпарат болса, онда “102” арнасы арқылы дереу полицияға хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру