Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматылық тұрғындарға шетелде “беделді” білім алуға жәрдемдесемін деген алаяқ құрықталды

Алматылық тұрғындарға шетелде “беделді” білім алуға жәрдемдесемін деген алаяқ құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кейбір ата-аналар балаларын шетелдік үздік университеттерде оқытқысы келеді.
Ең жақсы және қолайлы университетті таңдаған кезде азаматтар “білім саласындағы шетелдік мамандардың” қызметіне жиі жүгінеді.

Дегенмен мамансымақтар азаматтардың сенгіштігін пайдалана отырып, көмектеспей ғана қоймай, сіздің ақшаңыз бен уақытыңызды оңай тартып ала алатынын білу керек.

– Бірқатар алаяқтық жасады деген күдікпен біз 46 жастағы Б. есімді күдіктіні ұстадық. Болжам бойынша, әйел адам, азаматтардың аңқаулығын пайдаланып, шетелде беделді білім алуға уәде беріп, ірі көлемде ақшаны алып кеткен. Ол Қытай, АҚШ, Германия сияқты елдерде оқу орнын іздеу және таңдау бойынша қызмет көрсетуге жалған келісім-шарттар жасап, сенгіш ата-аналарды ЖОО-на 100% қабылдайды деп сендірді. Қабылдаумен қатар, әйел адам, “клиенттерді” ақысын төлесе осы университеттерде сессиядан өтуге көмектесетініне сендірген. Бірақ бұл уәделер сөз жүзінде ғана қалған. Алданған азаматтар ІІО-ға көмек сұрап жүгінді, – деді бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Мақсат Қанапяев.

Қазіргі уақытта күдіктінің жеке басы бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Бұл деректер ҚР ҚК-нің 190 бабы 3 бөлігі (Алаяқтық) бойынша тіркелді.

Қылмыстық іс бойынша басқа да мәліметтер ҚР ҚПК-нің 201-бабы және ҚР Конституциясының нормаларына сәйкес жария етуге жатпайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру