Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері көктайғақ кезінде сақ болуға шақырады

СҚО полицейлері көктайғақ кезінде сақ болуға шақырады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысына көктем келіп, ауа температурасы көтеріле бастады. Алайда жолдағы күндіз еріген қар түнде мұзға айналады. Осыған байланысты облыс полицейлері жол қозғалысы қауіпсіздігін күшейтті.

15 наурыз күндіз Челябі – Новосібір тас жолының Аққайың ауданы арқылы өтетін учаскесінде Lada Granta және Toyota Highlander көліктері соқтығысып қалды. Екі көліктің соқтығысуы салдарынан Lada Granta көлігінің 43 жастағы жүргізушісі түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды.

– Қазір ауа райы алдамшы. Жол үстінде барынша сақ болу керек. Көктайғақ кезінде жылдымдықты асырмай, қауіпсіз арақашықтықты сақтаған дұрыс. Осы негізгі қағидаларды ұстанатын жүргізушілердің кенеттен қауіп туындаған жағдайда уақытылы шара қабылдауға мүмкіндігі болады, – дейді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Осы жылдың екі айында өңірде 33 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, үш адам көз жұмып, 62 адам жарақат алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру