Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавл полициясында жыл басынан бері 500-ге жуық тыныштықты бұзу дерегі тіркелді

Петропавл полициясында жыл басынан бері 500-ге жуық тыныштықты бұзу дерегі тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тыныштықты бұзу көбінесе жалдамалы пәтерлерде болады. Пәтер бюросының әкімшілері клиенттерге түнгі шу үшін әкімшілік жауапкершілік туралы, сондай-ақ егер ол бұзылған жағдайда, олардың пәтерден шығарылатындығы туралы ескертеді. Дегенмен, сағаттық пәтерді жалға алушылардың ескертулерді елемейді.

Бір жағдайда ашуланған көршілер сағат түнгі 03:00 шамасында полицейлерге Амангелді көшесіндегі жалдамалы пәтерде кәмелетке толмағандардың бар болуы мүмкін екенін айтып, қоңырау шалды. Бұл қоңырау ювеналды полиция қызметкерлерімен дер кезінде тексерілді. Шынында да, қысқа мерзімді жалға берілетін тұрғын үйде 12-16 жас аралығындағы 13 жасөспірім тобы табылды. Белгілі болғандай, олардың барлығы ата-аналарын туыстарында немесе достарында түнейтіндерін айтып, алдаған. Түн уақытында ата-аналар балаларын полиция бөлімінен алып кетуге мәжбүр болды. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта үйден тыс жерде болуына жол бергені үшін хаттамалар жасалды.

– Естеріңізге сала кетейік, тыныштықты бұзу – жұмыс күндері сағат 22:00-ден 09:00-ге дейін, демалыс және мереке күндері сағат 23:00-ден 10:00-ге дейінгі уақытта – жеке тұлғаларға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Жыл басынан бері Петропавл қаласы ПБ қызметкерлері 22:00-ден кейін шуға байланысты келіп түскен 480 қоңырауға қызмет көрсетті. Осы санның үштен бірі дерлік жалдамалы тұрғын үй мекенжайлары бойынша жасалған, – дейді Петропавл полицейі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру