Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада дүкеннен киім ұрлаған азамат ұсталды

Қызылордада дүкеннен киім ұрлаған азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қалалық полиция басқармасына облыс орталығындағы киім сататын дүкендердің бірінен арыз келіп түскен. Дүкеннен белгісіз біреулер ұрлық жасаған.

Ұрлықты ашу мақсатында полиция қызметкерлері дүкендегі камераларды қарап шықты. Нәтижесінде күдікті анықталды. 46 жастағы қала тұрғыны дүкенге сатып алушы ретінде келген. Содан өзіне ұнаған киімді тығып алып, оқиға орнынан бой тасалаған. Ұрланған зат тәркіленді.

Бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлері бұл азаматтың басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғын анықтайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру