Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында заңсыз балық аулаған екі тұрғын анықталды

Қызылорда облысында заңсыз балық аулаған екі тұрғын анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы полиция департаментінің және облыстық “Арал-Сырдария” облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының Арал балық инспекция бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп жүргізілген рейдтік шара кезінде заңсыз балық аулаған 43 және 36 жастағы екі аудан тұрғыны ұсталды.

Атап айтқанда, олар Арал ауданы Арал теңізінің жағасындағы тыйым салынған аймақта қайықпен ау салу арқылы 178 келі торта және 17 келі көксерке балығын заңсыз аулаған. Айғақ заттар алынды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 335-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру