Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде сотталғандар “Қазақ саңыраулар қоғамы” өнерпаздарының концертін тамашалады

Ақтөбеде тергеу изоляторындағы жазасын өтеушілер “Қазақ саңыраулар” қоғамы өнерпаздарының концертін тамашалады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №70 мекемесіндегі жазасын өтеуші сотталғандар Ақтөбе қаласының “Қазақ саңыраулар қоғамы” мәдениет үйі өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламасын тамашалады.

Іс-шарада өнерпаздар ұлттық билер және Отанға, ұлтқа деген сүйіспеншілікті арттыратын, патриоттық сезімді оятатын әндерді шырқады. Сонымен қатар мәдениет үйінің өнерпаздары Наурыз мерекесінің қарсаңында сотталғандарға ақ тілектерін жолдады.

– Мекемедегі жазасын өтеуші сотталғандар арасында өткізілген іс-шараның мақсаты – дәстүрлі төл мерекеміз “Әз-Наурыз” мейрамы қарсаңында сотталғандарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлай отырып, дәстүрлі құндылықтарымызды дәріптеу. Бекітілген жоспар төңірегінде алдағы уақытта қалалық мәдениет үйі өнерпаздарының қатысуымен іс-шаралар әлі де жалғасын табады, – дейді №70 мекемесінің арнайы контингент арасындағы тәрбие және әлеуметтік психологиялық жұмысы бөлімінің жасақ бастығы Нұрболат Ықлас.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру