Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сәтбаевта “Құқықтық тәртіп” ЖААІШ өтіп жатыр

Сәтбаевта “Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15-16 наурызда Сәтбаев аумағында “Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасы ұйымдастырылды. Аталған іс-шараның мақсаты – көшелерде және қоғамдық орындарда тиісті құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды ашу және жолын кесу, сондай-ақ жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында Сәтбаев қаласы ПБ патрульдік полиция взводының қызметкерлері 57 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтап, тиісті хаттамалар жасады. Әсіресе мас күйінде көлік жүргізген екі жүргізушіге қатысты болды. Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша екі хаттама толтырылып және әкімшілік сотқа жолданды.

Осы баппен жыл басынан бері 16 жүргізушіге хаттама толтырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру