Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавл тұрғыны полицияға заңсыз сақталған оқ-дәрілерді тапсырды

Петропавл тұрғыны полицияға заңсыз сақталған оқ-дәрілерді тапсырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавл тұрғыны заңсыз сақталған 7 шағын калибрлі оқ-дәрілерді тапсыру үшін өз еркімен полицейлерге жүгінді. Қауіпті заттар алынып, сараптамаға жіберілді. Тәртіп сақшыларымен қала тұрғынының іс-әрекетінде басқа қылмыс құрамы бар-жоғы тексеріліп, содан кейін ол оқ-дәрілерді заңсыз сақтағаны үшін жауапкершіліктен толығымен босатылатын болады.

Аталған факт 15 наурызда бастау алған “Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасы аясында тіркелді. ЖПІШ барысында полиция кең ауқымды міндеттерді шешеді. Акценттердің бірі – тіркелмеген қаруды сақтау жағдайларын анықтау, іс-шараның екі күнінде осындай екі факт анықталды. Полицияның әр түрлі есептерінде тұрған адамдар жаппай тексеріліп жатыр. Барлығы 15 наурыздан бастап тәртіп сақшылары 1477 адамды тексерді. Шартты түрде мерзімінен бұрын босату режимінің 12 бұзушылығы және отбасылық жанжалқойларға қатысты сот шығаратын ерекше талаптардың бұзылғанына қатысты 11 дерек анықталды. Сондай-ақ тексеру барысында отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқыққа қайшы әрекеттердің 34 жағдайы тіркелді.

– Екі күн ішінде 818 түрлі әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Ең жиі кездесетіндердің қатарында — ішімдік ішу және қоғамдық орындарда мас күйінде пайда болу. Жұмыс барысында 54 адам уақытша бейімдеу және интоксикация орталығына жеткізілді. Тәжірибе көрсеткендей, алкогольді асыра пайдалану – маңызды криминогендік факторлардың бірі. Сондай-ақ екі тәулік ішінде полиция қызметкерлері алты мас жүргізушіні тоқтатты, – деді СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Айтбаев.

Сондай-ақ ЖПІШ барысында іздеуде жүрген 16 адам және есірткі заттарын заңсыз пайдаланғаны үшін 4 адам ұсталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру