Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада “Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр

Елордада “Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Құқықтық тәртіпті сақтау, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтардың алдын-алу және жолын кесу мақсатында ағымдағы жылдың 15-17 наурыз аралығында елорда аумағында “Құқықтық тәртіп” жедел алдын-алу іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Іс-шараны өткізу барысында учаскелік инспекторлар өздерінің әкімшілік учаскелерінде визит карточкаларын тарата отырып, пәтерлерді, аулаларды аралайды. Сонымен қатар пәтерлер, үй-жайлар, үйлер, жалдамалы тұрғын үйлер, жатақханалар және басқа да нысандарды аралап, жалға берушілердің тізімін жасайды.

ЖАІШ басталғаннан бері кезекші тәулікте 20 қылмыс, бұрын жасалған 17 қылмыс ашылды, іздеуде жүрген 8 қылмыскер анықталды. Қабылдау-тарату орнына екі азамат қамауға алынды. Уақытша бейімдеу және интоксикациялау орталығына 69 адам, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығына 5 кәмелетке толмаған бала орналастырылды.
ҚР ІІО-да есепте тұрған 560-тан астам адам тексерумен қамтылды, есепте тұрғандардың белгіленген шектеулерді бұзуының 8 фактісі анықталды.

Сондай-ақ 750-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде 73 – ұсақ бұзақылық, 117 – алкогольдік ішімдік ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде болу фактілері. Тіркеусіз тұратын 254 азамат анықталды.

Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттері үшін 18 құқықбұзушы жауапкершілікке тартылды. Түнгі уақытта ойын-сауық орындарында және ересектердің еріп жүруінсіз үйден тыс жерде болған 37 кәмелетке толмаған анықталды. Мас күйде автокөлікті басқарған 5 жүргізуші анықталып, 85 жаяу жүргінші ЖҚЕ бұзған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру