Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Семейде ҚАЖД қызметкерлері Наурыз мейрамын қайырымдылықпен бастады

Семейде ҚАЖД қызметкерлері Наурыз мейрамын қайырымдылықпен бастады, -деп хабарлайды Polisia.kz.

Жаңа құрылған Абай облысының алғашқы Наурыз мейрамын тойлауды қайырымдылықтан бастаған Абай облысы қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері 18 наурыз – Игі істер күні қарсаңында, өздері қамқорлықтарына алған жанұяларды аралап, оларға “наурыз шашу” таратты.

Ондай отбасылардың қатарында жағдайы төмен жалғызбасты үш баланы тәрбиелеуші әкеден, қылмыстық-атқару жүйесінің ардагерлері де бар.

– Наурыз мейрамының ең негізгі мақсаты – жалпыұлттық келісім мен қазақстандық патриотизмді нығайту, отбасылық құндылықтарды дәріптеу және ұлттық бірегейлікті сақтау, – деп Президент Қасым-Жомарт Токаев айтқандай, бүгінгі қайырымдылық танытылып, көмек көрсетілген отбасылары таңдалынды. Біздің материалдық көмегімізден бетер, қарт ардагерлер мереке қарсаңында, біздермен бірге оларға барған мекемеде 37 жылға жуық қызмет атқарып келе жатқан Мақтагүл Жанасиловнаны көріп, қатты толқып қуанысып қалды, – дейді кадр саясаты бөлімінің бастығы Дидар Жумаханова.

– Бұл мекеме қызметкерлерін өз туысымыздай жақын тартып кеттік. Балаларым да мерекелерде көздері жаудырап, оларды тосады. Бала ғой тәтті-дәмдіні сағынады, кей кездері оларға жылы-жұмсақ сатып алып беретін қаражатым болмай қалғанда қатты қынжыламын. Уақыт өтер, балаларым да ер жетер, бірақ осы форма киген офицерлер олардың естерінде мәңгі қалатын шығар деп ойлаймын. Менің алғысым шексіз, – деп сөзін аяқтады жалғызбасты әке Дулат.

Айта кететін жайт, үшінші баласы 6 айға толғанда жарынан айырылған Дулат мырза 6 жыл бойы оларға өзі жалғыз қамқор болып келеді.)

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру