Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлады

СҚО полицейлері ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО полицейлері Полудино ауылындағы балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілеріне мерекелік көңіл-күй сыйлады. Мұнда ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 50-ден астам бала тәрбиеленіп жатыр. Оларға әкімшілік полиция қызметкерлерінің бастапқы ардагерлер ұйымы қамқорлық жасайды. М.Жұмабаев ауданының полиция бөлімінің басшылығы мен жеке құрамы да оларға барып тұрады. Зейнетке кеткен және қызметте жүрген құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен зейнеткерлері тәрбиеленушілерді қолдайды. Мерекемен құттықтап, оларға қазақстандық патриотизм сезімін оятуға көмектеседі.

Қолдау орталығында СҚО ПД мәдени орталығының вокалдық тобын жақсы біледі. Балаларға ұнайтын погон таққан әртістер Наурыз қарсаңында кезекті рет шақырту алды. Олар концерт қойып, екі тілде танымал эстрадалық әндер орындады. Еріктілер де қайырымдылық акциясынан тыс қалмады: “Бақытты көздер” ҚБ мерекелік тағамдар дайындады.

Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан полиция қызметкерінің жары Татьяна Сергееваны көтермелеу сәті әсерлі болды. Бүгінгі таңда ІІО-дағы қызметті оның қызы Юлия Терещенко жалғастырып келеді. Облыстық ІІО және Ұлттық ұлан ардагерлері кеңесінің төрағасы Ақан Сыздықов Татьяна Викторовнаға жас қазақстандықтарды тәрбиелеудегі еңбегі үшін СҚО ПД бастығы Айдын Қабдұлдиновтың атынан алғыс хат тапсырды. Сонымен қатар Ақан Сыздықов тәрбиеленушілерге батасын берді.

Балалар қонақтарға концерттік бағдарламамен алғыстарын білдірді, ал ұстаздар полицейлерді қолдау ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар үшін маңызды екендігін атап өтті. Ювеналды полицейлермен кездесулер, мерекелік іс-шаралар мен экскурсиялар – балаларды әлеуметтендіру және Қазақстан азаматтарын тәрбиелеу процесінің маңызды бөлігі саналады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру