Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысының ҚАЖ қызметкерлері есептегі сотталғанға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетті

Абай облысының ҚАЖ қызметкерлері есептегі сотталғанға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жақында Абай облысы ҚАЖД Көкпекті ауданының пробация қызметіне сотталған азамат О. есімді азамат жүгінген. Ер адам есепте тұрып, оған әлеуметтік-құқықтық мәселелерді шешуге көмектесуін сұрады.

Қызметте айтылғандай, мұндай мәселелерді шешу үшін Көкпекті ауданының “Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне” есепте тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидаларының жеке бағдарламасы арнайы ережелер жолданды. Осы бағдарлама аясында пробация қызметінің қызметкерлері ауданның жұмыспен қамту бөлімімен бірлесе отырып, азамат О.- ға өзіне қажет біржолғы жәрдемақыны ресімдеуге көмектесті.

Ауыл тұрғыны оның өтініші осындай қысқа мерзімде қанағаттандырылғанына қатты қуанды және пробация қызметі мен жұмыспен қамту бөлімінің қызметкерлеріне көрсеткен көмегі үшін алғыс айтты.

Айта кету керек, Көкпекті ауданының пробация қызметінің қызметкерлері әрқашан есепте тұрғандарды қолдауға тырысады және оларға тұрақты негізде әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру