Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында тұрғынның үйінен қару табылды

Жетісай тұрғынының үйінен қару табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-профилактикалық іс-шаралар аясында қаруды заңсыз сақтау дерегін анықтап, жергілікті тұрғыннан пневматикалық тапанша тәркіледі.

Полиция бөліміне аудан тұрғындарының бірі өз үйінде заңсыз қару сақтайтыны туралы жедел ақпарат келіп түсті. Ақпарат бойынша сезікті тұрғынның мекенжайын анықтаған полицейлер тез арада оқиға орнына шықты.

Нәтижесінде жедел-тергеу тобы жас жігіттің үйінен 4,5 мм калибрлі “Тирекс” пневматикалық тапанша тауып, тәркіледі. Сондай-ақ тәртіп сақшылары оның телефонынан аталмыш қаруды қолдануды көрсетіп тұрған бейнежазбаны анықтады.

Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 287-бабы (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша тіркеді.

Айғақты зат ретінде алынған қару баллистикалық сараптамаға жіберілді, оның нәтижелері бойынша заңды шешім қабылданады. Қазіргі уақытта қаруды сақтау дерегіне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Болған оқиғаның толық мән-жайы мен жас жігіттің оны қандай мақсатта үйінде жасырғаны анықталатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру