Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері спорттық ойындарда жүлделі орындарға ие болды

СҚО-да Наурыз мейрамы аясында полицейлер спорттық ойындарда жүлделі орынға ие болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Наурыз мейрамы күндері Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері қоғамдық тәртіпті сақтап қана қоймай, спорттық іс-шараларға да белсенді қатысады.

21 наурызда Петропавл қаласының бас алаңында мерекелік бағдарлама аясында ұлттық спорттық ойындар өтті.

Солтүстікқазақстандық спортшылардың қатарында дәстүрлі түрде облыстық полиция департаментінің қызметкерлері де ойындарға қатысты.


Ойын-сауық, күш, төзімділік және жеңіске деген ерік-жігер сынағы – мұның бәрі қазақ күресінің құрамдас бөлігі. +80 келі салмақта бірінші орынды полиция қызметкерң Батырхан Қайырбек иеленді. Көптеген көрерменнің қошеметіне ие болған шенді балуан бағалы сыйлықпен марапатталды.

16 келі салмақ түріндегі салмақпен тартылуда СҚО ПД қызметкерлері де бой көрсетті. 21 рет тартылу нәтижесімен үшінші орынды Олег Гурский иеленді. Екінші орынды 24 рет тартылған Тимур Андреев алды. Бірінші орынды Азамат Әбішев иеленді. Ол қосымша салмақпен 28 рет тартылды. Жүлдегерлер медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Барлық мереке күндері полицейлер жерлестері мен қонақтары үшін құқықтық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, қызмет өткерудің күшейтілген нұсқасында өткізеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру