Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысында тұрғын үймен бірлескен учаскелік пункт ашылды

Маңғыстау облысында тұрғын үймен бірлескен учаскелік пункт ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мемлекет басшысының “Жұртқа жақын полиция” қағидатындағы учаскелік полиция инспекторларына жүктелетін міндет – тұрғындарға жақындай түсу, олар үшін қолжетімді болу, азаматтардың құқықтарын қорғай білу. ҚР ішкі істер министрінің Маңғыстау облысына соңғы іс-сапары кезінде берілген бірқатар тапсырмаларын орындау мақсатында Маңғыстау ауданында тағы бір тұрғын үймен бірлескен учаскелік пункт қолданысқа берілді.

Жергілікті атқарушы органдардың күш біріктіруімен салынған жаңа учаскелік пунктте полиция қызметкерінің және оның отбасының өмір сүру жағдайлары қарастырылған. Бұл учаскелік пункт Шетпе селосында ашылды. Шетпе-1 және Ащыбұлақ сынды екі ауылды қамтитын бұл пунктте 6 тәртіп сақшысы қызмет атқарады.

Учаскелік пункттің ашылуына аудан әкімі, Маңғыстау ауданы полиция бөлімінің бастығы мен жеке құрамы, ІІО ардагерлері және ауыл ақсақалдары қатысты.

Жоғарыда атап өткендей, бұл тұрғын үймен бірлескен учаскелік полиция пункті. Тұрғын-жай осы аймаққа қызмет атқаратын учаскелік полиция инспекторы Шыңғыс Айсұлтанға берілді. Ол ішкі істер органдарында 2012 жылдан бастап қызмет атқарып келеді. Алғашқы қызметін учаскелік полиция инспекторының көмекшісінен бастаған Айсұлтан бүгінгі күнге дейін учаскелік полиция лауазымында қызмет атқарып келеді.

Жаңадан ашылған ғимараттың ерекшелігі – учаскелік полиция инспекторының отбасымен бірге тұрып жұмыс жасауына жағдай жасалған және бұл азаматтардың тәуліктің кез келген уақытында полицияның көмегіне жүгінуіне қолайлы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру