Елордалық полицияда ерекше көзге түскен қызметкерлер марапатталды
Елордалық полицияда ерекше көзге түскен қызметкерлер марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Елордалық полицияның бастығы Марат Төлебаев бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша жедел қызметте жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген тергеу басқармасының ерекшеленген қызметкерлерін марапаттады. Кездесу барысында тергеу жұмыстарының өткен кезеңдегі және қазіргі уақытта елордадағы қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жұмыстарының маңыздылығы атап өтті.
Бүгінгі таңда тергеушілер қиын да көп уақытты қажет ететін жұмысқа қарамастан өз міндеттерін орындау жолында аянбай еңбек етіп келеді. Ел игілігі үшін қызмет етуге дайын нағыз патриоттарды тәрбиелеуде ата-аналардың қосқан үлесі зор. Тергеу бөлімінің ардагерлеріне ерекше алғыс айтылды.
– Мен ең алдымен лайықты іргетасын қалаған және қызмет ету дәстүрін қалаған ардагерлерге, сондай-ақ жас қызметкерлердің ата-аналарына үлкен алғысымды білдіргім келеді. Аға ұрпақ өзінің баға жетпес тәжірибесін жас әріптестеріне дарытып, қылмыстың алдын алу және ашу жұмыстарын сапалы және мақсатты түрде жүргізуге қабілетті лайықты ізбасар тәрбиелеп отыр, – деді департамент басшысы.
Қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша үздік қызметкерлер Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің және департамент бастығының атынан төсбелгілермен, грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды. Сол күні ең көп қылмыстық істерді аяқтаған тергеушілер рейтингінің қорытындысы бойынша марапаттау рәсімі өтті.