Абай облысында сотталған шетелдік ағайындылар жақындарымен Skype арқылы байланысты
Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №20 мекеме психологтары Өзбекстан Республикасы Шахрисабз қаласында тұратын сотталғанның хабарсыз кеткен туғандарын іздестіріп табуға көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағайынды сотталғандар ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-тармағы (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша 10 жылға бас бостандығынан айырылған. Сотталғандардың бейімделуіне әсер ететін негізі факторлардың бірі – олардың өмірлеріндегі қиын сәтте қолдау көрсететін туыстарымен қарым-қатынасты сақтап қалу.
– Бүгінгі күн біз үшін өте қуанышты жаңалықпен басталды. Біздің туыстарымыз табылып, бізбен Skype арқылы сөйлескілері келетіндерін естігенде қатты қуанғанымды сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Туғандарымды көріп, олардың бізді тағатсыздана күтіп отырғандарын және де таяу арада бізге кездесуге келгілері келетінін естігенде өмірім жаңадан басталғандай күйде болдым. Ендігі менің мақсатым тезірек бостандыққа шығып, мені күтіп, сағынып отырған туыстарыма жету, – деп қуанышпен жауап берді ағайынды сотталғандардың бірі.
– Психологиялық қызметтің негізгі міндеттерінің бірі – ол тек қана психологиялық көмек көрсетумен шектелмейді, сонымен қатар сотталғандардың туыстарымен әлеуметтік пайдалы қарым-қатынас орнату. Мысалы, №20 мекемеде жазаларын өтеп жатқан ағайынды сотталғандар Өзбекстан Республикасының азаматтары Равхат пен Ильхом (есімдері өзгертілген) туған-туыстарымен қарым-қатынастарын жоғалтып алған. Туыстары олардың Қазақстан Республикасында жазаларын өтеп жатқандарынан бейхабар болған. Әлеуметтік желілердің және де мекеме қызметкерлерінің көмегімен туыстарын тауып алдық. Барлығымыз білетіндей сотталғандардың туыстарымен өзара байланысы өте маңызды. Осы орайда біз әріптестерімізбен бірлесе отырып сотталғандардың туыстарын іздеп табуға көмектесуге шешім қабылдадық. Тәжірибе бойынша тек отбасы ғана сотталғандардық әлеуметтік бейімделуіне және оларды әлеуметтік ортаға толық қанды азамат ретінде оралуына себепші бола алады. Сонымен қатар сотталғандар отбасының күтіп отырғанын сезінгенде ғана мерзімінен бұрын босатылуға және де енді қылмыс жасамауға тырысады, – деді Абай облысы бойынша ҚАЖД №20 мекеме аға инспектор психологы Кұралай Иксанова.