Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Жүргізуші куәлігін алып беремін»: Алматыда алаяқтыққа қатысы бар күдікті ұсталды

Алматы полициясы жүргізуші куәлігін алып беремін деп алаяқтық қылмысын жасаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алаяқтық дерегі бойынша Наурызбай аудандық полиция басқармасына жәбірленушілерден 5 арыз түсті. Алдын ала мәлімет бойынша жас жігіт жүргізуші куәлігін рәсімдеуде «өз көмегін» ұсынған.

– Жедел шаралар жүргізіліп, күдікті жігіт қамауға алынды. Іс жүргізу барысында оның осыған ұқсас бес эпизодқа қатысы бар болуы мүмкін екендігі анықталды. Өз қызметі үшін күдікті 100-ден 300 мың теңгеге дейін алдын ала төлем сұраған. 26 жастағы Ж.есімді азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс тіркелді, – деді Наурызбай аудандық полиция басқармасының бастығы Мұхамедәлі Сейсенұлы.

Тәртіп сақшылары алданғандардың көп болуы мүмкін екендігін жоққа шығармайды. Олар азаматтарды ұсталған адамның суретіне мұқият қарап, оны таныған жағдайда мына телефон нөмірлеріне хабарласуға шақырады: 8 707-808-75-88; 8-747-699-70-02.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесін көздейтін өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды. ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру