Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да табиғатты қорғау тобының полицейі жоғалып кеткен 5 жасар баланы іздеп тапты

СҚО-да табиғатты қорғау тобының полицейі жоғалып кеткен 5 жасар баланы іздеп тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аққайың ауданында тұратын егде жастағы ерлі-зайыптылардың немересі жоғалып, біраз әбігерге түсті. 71 жастағы ауыл тұрғыны Петропавлдан келген 5 жасар немересін ертіп, көл жағасында серуендемек болған. Кішкентай бала ойнап жүріп орманда адасып, көлік қозғалысы көп Петропавл – Булаево жолына шығып кеткен. Қуанышқа орай, оны табиғатты қорғау полициясы тобының қызметкері Қанат Дүйсембаев байқап қалды.

Ол «Уылдырық шашу» акциясы шеңберінде рейдтік іс-шаралар жүргізіп жүрген. Бала көл жағасына келгенін айтқан. Полиция қызметкері жақын маңдағы ормандар мен көлдерді аралай бастады. Көп ұзамай ВАЗ-2115 автокөлігі де көзге түсті. Кішкентай баланы осы уақытта атасы да іздеп жүрген.

– Бүлдіршінді жақындарына аман-есен табыстадық. Зейнеткерлермен профилактикалық сипаттағы әңгіме жүргізілді. Барлық азаматтардан кішкентай балаларға бас-көз болып, қараусыз қалдырмауды сұраймыз, – деді Аққайың аудандық полиция бөлімінің бастығы Руслан Сапаров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру