Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында әскери полиция қызметкерлері тергеу изоляторына барды

Қызылорда горнизонының әскери полиция бөлімі” республикалық мемлекеттік мекемесінің 50 қызметкері Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №68 мемлекеттік мекемесіне барды. Оларға күдіктілердің, айыпталушылардың, сотталушылардың және заңды бұзғаны үшін сотталғандардың қалай өмір сүретіні көрсетілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мұндағы басты мақсат – пара алып, пара бергендерге қандай жағдайда жазаны өтеу керектігін көрсету немесе әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу үшін профилактикалық іс-шараға қатыстыру.

Экскурция барысында режим бөлімінің бастығы Асылбек Төребеков тергеу изоляторында қамаудағыларды ұстау шарттарымен таныстырып, мекеменің ішкі аумағындағы шаруашылық бөліміне қалдырылған сотталғандардың жатаханасы, ондағы тіршілік пен жүріп-тұру ауласын көрсетіп, таныстырды.

– Бүгінгі іс-шарадан соң әрбір адам, мейлі басшы болсын, мейлі қатардағы қызметші болсын сыбайлас жемқорлық іс-әрекеті жасалған жағдайда оның қандай зардап күтетінін анық түсініп, сезіне алады. Мұндай кездесулер өте тиімді және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға көмектеседі. Біздегі қамаудағы азаматтардың барлығы, соның ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін де бірдей жағдайда ұсталады. Мұнда 1,5 сағатқа созылатын күнделікті серуендеу бар; тамақ, төсек-орынмен қамтамасыз етеміз, туыстарымен кездесулер ұйымдастырамыз. Күзетеміз, қадағалаймыз, бақылаймыз тіптен өмірге қайта тәрбиелеп, бостандыққа шыққанға дейін өз қызметтік міндеттерімізді жауапкершілікпен атқарамыз, – деді Төребеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру