Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Абайлаңыз, балалар!” ЖПІШ: шымкенттік оқушылар полицияның жұмысымен танысты

Шымкентте “Абайлаңыз, балалар” профилактикалық іс-шарасы аясында білім беру мекемелерінің бірі №80 IT мектеп-лицейінде марапаттау рәсімі мен полиция жұмысымен таныстыру мақсатында Ашық есік күні өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған шарада белсенділік танытқан мектеп директоры Баян Қалдыбекқызына Қаратау АПБ бастығының бірінші орынбасары Данияр Қыпшақов ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың атынан берілген Алғыс хатты табыстады.

Ал, Қаратау АПБ бастығы Данияр Плаловтың атынан мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айгерім Алтынбекқызы мен “Жас сарбаз” сынып оқушыларына Алғыс хат берілді.

Іс-шара соңында ювеналды полиция қызметкерлері мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру, полиция жұмысымен таныстыру мақсатында қызметтік автокөлікпен, жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлерінің қару-жарақ, нысанды киім үлгілерімен таныстырып, мектеп ауласында ашық есік күнін өткізді.

Айта кетейік, республика көлемінде қолға алынған “Абайлаңыз, балалар!” жедел-профилактикалық іс-шарасы 31-мамырға дейін жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру