Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-ның ПД бастығы үш тұрғынды белсенді азаматтық ұстанымы үшін марапаттады

Петропавл қаласының әкімі Руслан Анбаевтың қатысуымен кешенді полиция күштерінің жалпы гарнизондық жиналуы қалалық “Динамо” стадионында өтті. Руслан Анбаев жазға арналған қалалық полицияның негізгі міндеттерін белгіледі, Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы ерекше көзге түскен азаматтарды алғыс хатпен марапаттады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавл қалалық полиция басқармасының патрульдік, учаскелік бөлімшелері, полиция департаментінің, мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері, 6637 әскери бөлімінің әскери қызметшілері – қоғамдық тәртіпті сақтауға күн сайын бірнеше ауысымда қаншама погон таққан адам қатысады.

– Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, қаланы абаттандыру және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің басқа да мәселелеріндегі белсенді азаматтық ұстанымы үшін полицейлер мен әскери қызметшілердің қошеметімен бірден үш белсенді қала тұрғыны облыстық полиция бастығының алғыс хатымен марапатталды. Бұл – Малик Шигабутдинов, Сергей Сайко және Евгений Соловьев. Олар көптеген жыл бойы ішкі істер органдарына елеулі көмек көрсете отырып, қоғамның игілігі үшін шығармашылық жұмыс жүргізіп келеді. Олардың әрқайсысының еңбегі құрметке лайық, – деп атап өтті Айдын Қабдұлдинов.

Руслан Анбаев СҚО ПД басшылығымен және СҚО ПД жанындағы консультативтік-кеңесші органның төрағасы Жасұлан Ахметовпен бірге патрульдік полиция батальоны автотехникасының жай-күйімен танысып, полицейлерге арнаған сөзінде жазда ерекше назар аудару қажет бірқатар жайттарды атап өтті. Бұл -ұсақ бұзақылықтың, шыны аялдама павильондарының бүлінуінің алдын алу, мотоциклшілер мен қозғалыстың басқа да қатысушылары тарапынан ЖҚЕ бұзылуының алдын алу, қаңғыбас иттердің қатысуымен және су айдындарында шомылу кезінде жазатайым оқиғалардың алдын алу.

Қарау шеңберінде полицейлердің қызмет атқаруға дайындығын саптық байқау өтті. Қалалық полиция басқармасының жедел кезекшісі бағдарларды оқыды. Жалпы, гарнизондық жинау ведомствоның мәдени орталығының үрмелі оркестрінің үнімен дәстүрлі салтанатты шерумен аяқталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру