Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері есірткіге қарсы жоба аясында үздік оқушылар мен студенттердің отбасыларын марапаттауда

СҚО полицейлері есірткіге қарсы жоба аясында үздік оқушылар мен студенттердің отбасыларын марапаттауда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Бала ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі” — СҚО полицейлері жасөспірімдер арасында нашақорлықтың алдын алуға бағытталған өз жобасын осылай атады. Жоба облыстық әкімдіктің білім басқармасымен бірлесіп жүзеге асырылуда. Оның аясында облыстың үздік оқушылары мен студенттерін тәрбиелеп отырған отбасылар ерекше атап өтілді.  Бірінші болып 17 жастағы Ержан Молдаштың туыстары көтермеленді. Ол 22 спорт әлемінде көптеген медаль, грамота мен дипломдардың иегері, оқу үздігі, ҚР Тұңғыш Президентінің медалімен марапатталған. Тәртіп сақшылары Ержанның отбасына барып, ата-анасына алғыс хат беріп, ата-ананың тәрбиенің басты қағидаттары туралы не ойлайтынын сұрады.

– Біздің үш ұлымыз бар, біз оларды туыстарымызға, достарымызға деген құрмет рухында тәрбиелеуге тырыстық. Оларға лайықты жеңіске жетуді, жеңіс бар жерде жеңілістің де болатынын түсіндірдік. Мүмкін біздің ұлдарымызға спорттан ең жақсысын алуға көмектескен де осы себеп шығар. Үлкені бокспен, ортаншысы футболмен айналысса, Ержан дзюдоға қызығушылық танытып келеді. Біз ұлдарымызға кез келген жағдайда тәртіпті адамдар болып қалуды үйретеміз, – дейді жас спортшының анасы Айнагүл Бағрамова.

Отбасылық құндылықтар – жаман ықпалдан қорғайтын алғашқы қорғаныс екендігіне СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Иван Терзиди сенімді. Өтпелі жаста жасөспірімдер физикалық және моральдық денсаулықты сақтау үшін ата-аналардың қолдауы мен түсіністік танытуына мұқтаж. Полицейлер жобасы осы идеяны насихаттауға арналған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру