Түркістан облысында шекарадан есірткі алып өтпек болған шетелдік құрықталды
Түркістан облысында шекарадан есірткі алып өтпек болған шетелдік құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сарыағаш аудандық полиция бөліміне Жібек Жолы шекара бақылау бекетінен шұғыл хабарлама келіп түсті. Онда Келли атты қызметтік ит Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасына жаяу өтіп бара жатқан жолаушыға белгі бергені хабарланған.
Ақпарат бойынша тексеру жүргізген полицейлер күдік тудырған азаматты тоқтатып, тінту кезінде оның шалбарының оң жақ қалтасынан есірткіге ұқсас зат тапқан. Алынған зат сараптамаға жолданып, оның гашиш есірткісі екені расталды. Сондай-ақ ұсталған орта жастағы азаматтың Тәжікстан елінің тұрғыны екені белгілі болды.
Қазіргі таңда күдікті ер адам қамауға алынып, оған қатысты ҚР ҚК-нің 286-бабы (Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.