Алматыда жасөспірімнің велосипеді ұрланды
Алматыда жасөспірімнің велосипеді ұрланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бірнеше сағаттың ішінде велосипед ұрлығының беті ашылды. Қылмыстық әрекет Самал-1 шағын ауданында болды.
– Біз дүкенге кіріп шығайық дедік. 3 велосипедті қараусыз қалдырдық. Адамдар көп болғандықтан, ештеңе болмайды деп ойладық, – дейді қос доңғалақты көліктің иесі.
Бірақ қасынан өтіп бара жатқан 42 жастағы ер адамның басқа біреудің велосипедіне қатысты жоспары болған. Ол қолайлы сәтті күтіп, көлікті ұрлап кетті. Өтіп бара жатқан тұрғындар жігіттерге бағыт-бағдар берген. Солар жасөспірімдер полицияға қоңырау соққан.
– Мақатаев пен Пушкин көшелерінің қиылысына іргелес аумақты тексеру кезінде күдікті ер адам байқалды. Тексеру барысында оның велосипедті ұрлағаны белгілі болды. Ұсталған азамат ұрлық жасағанын бірден мойындады. Мән-жайды анықтау үшін ол Медеу аудандық полиция басқармасына жеткізілді, осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, – деді Алматы қаласы ПД ЖПҚБ патрульдік полиция полкінің инспекторы Тұрсын Алмазбек.