Екібастұзда мас жүргізуші қамауға алынды
Екібастұзда мас жүргізуші қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Екібастұздық полицейлер жол қауіпсіздігін және жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылауды тұрақты негізде қамтамасыз етеді. Осыған қарамастан, мас күйінде көлік басқаратын автокөлік жүргізушілері азаймай тұр.
Мәселен, 15 шілдеде сағат 23:00 шамасында Екібастұз қаласындағы Павлов көшесінде патрульдеу кезінде 31 жастағы жүргізушінің басқаруымен Opel Vectra көлігін тоқтатты. Жүргізушінің құжаттарын тексеру кезінде тәртіп сақшылары өткір ерекше иісті сезді. Оны көлік жүргізуден шеттете отырып, олар оған медициналық тексеруден өтуін ұсынды. Нәтижесінде нарколог-дәрігер жүргізушінің мас күйінде екендігі туралы медициналық қорытынды шығарды.
– Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 3-1 бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Сот қаулысымен жүргізуші 20 тәулікке қамауға алу түрінде әкімшілік жазаға тартылып, 8 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айырылды. Көлік құралы айыппұл тұрағына қойылды, жүргізуші куәлігі алынды, – деді Екібастұз қаласы ПБ патрульдік полиция ротасының командирі Фаруз Күсембеков.
Жалпы, Павлодар облысында жыл басынан бері 668 жүргізуші жауапкершілікке тартылды.