Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полицияның аға офицерлері күрестің жауынгерлік тәсілдерін пысықтады

СҚО-да полицияның аға офицерлері күрестің жауынгерлік тәсілдерін пысықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстанда полицияның басшы құрамының офицерлері дене шынықтыру бойынша көрме сабақтарына қатысу үшін бір күнге кительдерін спорттық формаға ауыстырды. Оларды облыстық ПД арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасы қалалық басқарма және аудандық полиция бөлімдері бастықтарының орынбасарлары үшін ұйымдастырды. Олардың әрқайсысы “төменнен” қызметтерін бастаған және қажетті стандарттарды жақсы есте сақтайды. Кішігірім дайындық жаттығуларынан кейін капитандардан полиция полковниктеріне дейінгі шендегі офицерлер күш жаттығуларының кешенін орындады, содан кейін күрес қимылдарын пысықтады.

– Аумақтық бөлімшелер бастықтарының орынбасарлары қарамағындағыларға үлгі болуға тиіс және командалық құрамның офицерлерімен сабақтар тұрақты негізде өткізілетін болады. Жақсы дене шынықтыру, дағдарыс жағдайында батыл әрекет етуге дайын болу – полицейлер үшін міндетті шарт. Әр қызметкер дене шынықтыру сабақтарына аптасына 2 рет қатысады. Бұдан басқа, арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасы полиция қызметкерлерінің салауатты өмір салтын насихаттауға, дене шынықтыруды нығайтуға ықпал ететін спорттық іс-шараларға қатысуын ұйымдастырумен айналысады, – дейді СҚО ПД арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасының бастығы Орал Хамзин.

Мысалы, дәл сол күні, Петропавл қаласы ПД ПБ аппаратының және аудандық полиция бөлімдерінің 35 қызметкері қоян-қолтық ұрыстан іріктеу жарыстарына қатысты. Жеңімпаздар тамыз айында Қарағанды қаласында “Динамо” ДШСҚ 10-шы ведомствоаралық спартакиадасы және ҚР ІІМ-нің 10-шы спартакиадасы аясында өтетін жарыстарда облыстың спорттық намысын қорғайтын болады. Айта кетерлік жайт, оларға алғаш рет полициядан қыздар қатысады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру