Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында тұрғынның үйінен есірткі орамалары табылды

Түркістан облысында тұрғынның үйінен есірткі орамалары табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ордабасы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері есірткі қылмысына қарсы кезекті рейд кезінде күдікті ретінде жергілікті тұрғынды анықтады. Оның үйіне тінту жүргізу барысында, қонақ бөлмесінен екі пакетке оралған жасыл түсті өзіне тән хош иісі бар есірткіге ұқсас зат табылып, тәркіленіп алынды.

Табылған затқа сараптама тағайындалып, оның бірі 50 грамм сора мен 30 грамм кептірілген марихуана екені расталды.

Полицейлер аталған фактіні ҚР ҚК-нің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекусорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша тіркеуге алды. Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру