Ақмола полицейлері шетелдік азаматты тонаған бұзақыны ұстады
Ақмола полицейлері шетелдік азаматты тонаған бұзақыны ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Астрахан ауданының кезекші бөліміне Астана қаласында уақытша тіркелген шетелдік азаматтан тонау фактісі туралы өтініші келіп түсті. Жәбірленушінің айтуынша, 2 шілде, кешкі сағат 19:00 шамасында бұрынғы танысы, Целиноград ауданының 46 жастағы тумасы оған дене жарақатын салып, оның Nissan Serena автокөлігінен мемлекеттік тіркеу нөмірін жұлып алып, көліктен 110 мың теңгесін қолды еткен.
Осы фактіге қатысты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігі (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері шетелдікке қатысты құқыққа қайшы әрекеттерге қатысы бар адамның орналасқан жерін анықтады.
Өзге де тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Заттай дәлелдемелер тәркіленді.